Ғылыми және шолу мақалаларын жазу бойынша онлайн курс
Құрметті авторлар,
Бұл курс Сіздің жұмысыңызды Орталық Азия Су ресурстарын зерттеу журналында (ISSN 2522-9060) жариялауға дайындауға арналған
Курс авторларға жұмыстарды басқа ғылыми, рецензияланатын журналдарда жариялауға дайындау үшін де пайдалы болады.
Курсты Алия Танкибаева әзірлеген, PhD, Нортгемптон Бизнес мектебі, Нортгемптон Университеті, Ұлыбритания. Оның жұмыс тәжірибесі ҚМЭБИ жанындағы зерттеу жұмыстарын жазу курсын 10 жылдан астам оқытуды, 2 апталық «Жас ғалымдарға арналған цифрлық құралдар» курсын әзірлеуді және оқытуды және Американ Корнерс (Нұр-Сұлтан) жанындағы зерттеу жобаларының 4 ұсынысын әзірлеуді қамтиды. Алия Танкибаева — оқытудағы үздік жетістіктері үшін сыйлықтың иегері, 2019 ж. қыркүйек және 2016 ж. мамыр айлары, КИМЭП, Әлеуметтік ғылымдар колледжі.
Сіздің назарыңызға ғылыми рецензияланатын журналда жариялауға мақалалар дайындау бойынша курстың кіріспе дәрісі ұсынылады.
Курс материалымен танысудың келесі тәртібі ұсынылады:
- әр сессияға арналған бейне дәрісті зерттеңіз
- өткен материалды бекіту үшін слайдтарды пайдаланыңыз
- слайдтарда ұсынылған барлық тексеру жаттығулары мен практикалық тапсырмаларды орындаңыз
- осы беттегі әр сессияға қосымша жаттығуларды орындаңыз
Курс бағдарламасы
Сессия 1. Журнал бойынша жолсілтеме. Зерттеу мақсаттары
Бұл сессияда:
- CAJWR журналының мақсаты мен тақырыптық бағыттары
- CAJWR журналына қандай мақалалар жариялауға болады?
- Автор өз зерттеуінің мақсатын CAJWR журналына сәйкестендіруді қалай анықтай алады?
- Журнал сайтындағы бөлімдермен танысу
Сессия 2. Зерттеу мақсаты мен сұрағы
Бұл сессияда:
- 1. CAJWR үшін зерттеу мақсатын таңдау
- 2. Зерттеу сұрағын қалыптастыру және бағалау
Сессия 3. Зерттеудің жаңашылдығы, бірегейлігі және құндылығы
Бұл сессияда:
- Ғылыми зерттеулер не үшін қажет?
- Журнал мақаласында өз зерттеуіңіздің жаңашылдығы мен құндылығын қалай негіздеуге болады?
- Зерттеушінің көзқарасы. Психологиялық аспектілер
Сессия 4. Әдеби шолу. Дереккөздермен жұмыс
Бұл сессияда:
- Ғылыми мақалада әдебиетті қолдану мақсаттары
- Ғылыми мақалаға шолуды ұйымдастыру мен құрылымдауға кеңестер
- Дереккөздерді қалай табу және бағалау керек?
Сессия 5. Аннотация мен кіріспе
Бұл сессияда:
- Аннотация мен кіріспе айырмашылықтары және ортақ элементтері
- Аннотация мазмұнына қойылатын журнал талаптары
- Кіріспе құрылымы мен мазмұны бойынша нұсқаулық
Сессия 6. Ғылыми-зерттеу мақаласына қойылатын талаптар
Бұл сессияда:
- Ғылыми зерттеудің мәні мен сипаттамалары
- CAJWR журналының ғылыми мақалаларға қойылатын талаптары
Сессия 7. Әдістер мен материалдар. «Нәтижелер» бөлімі
Осы сессияда:
- Деректерді қалай талдап, зерттеу нәтижелерін алуға болады
- Теориялық негіздер мен аналитикалық үлгілердің маңыздылығы
- Неліктен статистикалық әдістерді қолдану қажет?
- «Нәтижелер» бөлімін құрылымдаудың мысалдары
Сессия 8. «Нәтижелерді талқылау» бөлімі. «Қорытынды» бөлімі
Осы сессияда:
- «Талқылау» бөлімі мен «Қорытынды» бөлімінің айырмашылығы неде?
- «Талқылау» бөлімін қалай құрылымдау қажет?
- «Қорытынды» бөлімін қалай құрылымдау қажет?
Сессия 9. Ғылыми-зерттеу мақалалары бойынша практикум
Осы сессияда:
- Әлеуметтік ғылымдар саласындағы жарияланған жұмысты талдау
- Жер туралы ғылымдар саласындағы жарияланған жұмысты талдау
Сессия 10. Шолу мақаласына қойылатын талаптар
Осы сессияда:
- Шолу зерттеулерінің түрлері мен мақсаттары
- CAJWR журналының шолу мақаласының құрылымына қойылатын талаптары
Сессия 11. Шолу мақалаларын құрылымдау. Бөлімдердің атаулары
Осы сессияда:
- Ұсынылған құрылым
- Шолу мақсатына қойылатын ықтимал тәсілдер
- Шолу мақаласының негізгі бөлімін құрылымдау
- Тақырыптық бөлімге атау таңдау
Сессия 12. Шолу мақалалары бойынша практикум
Осы сессияда:
- Жарияланған шолу мақаласын талдау
- Практикалық тапсырма
Сессия 13. Қысқаша хабарламаларға қойылатын талаптар. Практикум
Осы сессияда:
- Қысқаша хабарламаларды (short communications) не үшін жариялау қажет. Хабарламалардың түрлері
- CAJWR журналының қысқаша хабарламаларға қойылатын талаптары
- Практикум
Сессия 14. Плагиатты тексеру. Академиялық жазу стилі
Осы сессияда:
- Академиялық жазу стилі
- Дәйексөз беру ережелері
- Мәтінмен жұмыс — авторға арналған кеңестер
- Плагиатты тексеру
Сессия 15. Редакциямен жұмыс. Жариялау этикасы
Осы сессияда:
- Мақаланың CAJWR журналына жіберуге дайын екендігін қалай бағалау қажет
- CAJWR талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларға жазылған рецензиялар мысалдары
- Журналдың этика жөніндегі нұсқаулығы
Курстың құны: 15000 KZT
Курстың ақысын төлеген кезде мыналарды көрсетіңіз:
Төлемнің таайындауы: Орталық Азия су ресурстарын зерттеу журналы жанындағы ғылыми мақалалар жазу бойынша онлайн курстың ақысын төлеу
Кім үшін:
Жөнелтушінің тегі:
*Курстың ақысын KZT-тен басқа валютамен төлеген жағдайда, банк айырбастау үшін қосымша соманы алуы мүмкін екендігіне және т.б. назар аударыңыз.
Төлем туралы кассалық ордер cajwr@dku.kzмекенжайына жіберіледі, осыдан кейін сізге онлайн курсқа жеке рұқсат беріледі.
Осы курсты сатып алғанда, сіз оферта шартымен келісесіз
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда cajwr@dku.kz мекенжайына жазыңыз