Орталық Азия мен Еуразия өңіріндегі су ресурстарына және оларға қатысты қоршаған орта аспектілеріне арналған ғылыми екі тілді (орыс/ағылшын), рецензияланатын, пәнаралық, ашық қолжетімді электрондық журнал.
Журналда жариялау авторлар үшін тегін. Редакция авторлардан материалдарды дайындау және орналастыру үшін ақы алмайды.
Журналды шығару жиілігі - әр 6 ай сайын (жылына 2 нөмір).
CAJWR - DOAJ, AGRIS, EBSCO, IndexCopernicus, РҒДИ (Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі), Cite Factor және Google Scholar индекстеледі. Жарияланған мақалалар CrossRef.-тен DOI префиксін алады. CAJWR Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған басылымдар тізіміне (ғылыми бағыттар: су ресурстары және биология, 29.07.2021ж. №623 бұйрық; география, 2023 жылғы 1 наурыздағы № 152 бұйрық) енгізілген.
Журналдың негізгі міндеттері Орталық Азия мен Еуразия өңіріндегі су ресурстары мен қоршаған орта саласында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерді жариялау, халықаралық сарапшыларды жергілікті ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен таныстыру және өңірлік ғылыми қоғамдастық құру үшін қолданыстағы кәсіби байланыстарды нығайту болып табылады. Жарияланған жұмыстарды екі тәуелсіз сарапшы рецензиялайды, олардың бірі Орталық Азия аймағын, екіншісі халықаралық ғылыми қоғамдастықтың атынан мүдделік етеді. Рецензиялау барысы редакциялау алқасымен бақыланады, оның құрамына аймақтық және халықаралық ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары мен сарапшылары кіреді.
Барлық мақалалар анонимді жабық («жасырын қатарлас әдіспен») рецензиялаудан өтеді және қажет болған жағдайда, авторларға түзету үшін қайтарылады. Мақалаларды екі тәуелсіз сарапшы рецензиялайды, олардың бірі Орталық Азия аймағының, екіншісі халықаралық ғылыми қоғамдастықтың атынан әрекет етеді. Рецензиялау барысы редакциялау алқасымен бақыланады, оның құрамына аймақтық және халықаралық ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары мен сарапшылары кіреді.
Орталық Азияның су ресурстарын зерттеу журналы (CAJWR) демеушілік қолдауды қабылдайды.
Сіздің қолдауыңыз Орталық Азиядағы су ресурстары бойынша зерттеулерді қаржыландыруға, мақалаларды өңдеу, аудару және әлеуетті авторлар үшін академиялық жазу курстарын өткізуге бағытталады.
CAJWR журналы Орталық Азия академиялық қауымдастығының әлемдік деңгейде танылуына үлес қосады.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз: cajwr@dku.kz.